$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанадағы 2-босану орталығында тағы бір әйел көз жұмды

AstanaTV
16.07.2018ж. 20:00
3498
Астанадағы 2-босану орталығында тағы бір әйел көз жұмды

Атанадағы №2- босану орталығында тағы бір әйел көз жұмды. Қайғылы жағдайды қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Жүкті әйел бүгін таңғы тоғыз жарымда қайтыс болған. Дәрігерлік көмек көрсету кезінде "Ана мен бала" орталығы, Ұлттық кардиохирургия орталығы мамандары тартылды. Алайда әйелді ажалдан арашалай алмаған. Ал нәресте аман-есен. Қыз баланың жағдайы орташа деп бағаланады. Анасының неден қайтыс болғанын арнайы құрылған комиссия анықтайды.

Еске салайық, соңғы үш апта ішінде Астандағы 1-ші босану орталығында үш әйел көз жұмды. Оның себебін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандары анықтап жатыр.