Әуе компаниялары ұшақ кешігуіне жол бермес үшін Үкімет ортақ тәртіп құру керек. Халықаралық әуе тасымалдаушылар қауымдастығының өкілі осылай деп отыр. Демалыс күндері жолға шыққан 100-ден астам адам діттеген жеріне жете алмай қалды. Әуе компаниялары 6 рейсті кешіктірді. Ұшақ неге кешікті? Жолаушылар талабы қандай? Толығырақ тілшіміз Диана Сапарқызы баяндайды.
Диана Сапарқызы, тілші:
Астанадан Алматыға ұшуға тиісті 100-ден астам жолаушы әуежайда 9 сағат кідіріп қалған. Ұшақтың кешігіуіне техникалық ақаулар себеп. Зардап шеккендердің айтуынша, қызмет көрсетуші «Бек Эйр» компаниясы осы уақыттар арасында жолаушыларға тиісті жағдай жасамаған. Кешкі сағат 10-да ұшып кетуі тиіс әуе кемесі бірнеше сағатқа кешіккен. Жолаушылардың бірі Чингиз Капин амалы таусылған соң таңғы 6-да Алматыға өзге ұшақпен жетіпті.
Чингиз Капин, жолаушы:
Әуе комниядан 3 бөтелке судан басқа ештеңе ұсынылмады. Әуежайда суық Болды. Адамдардың мазасы қашты. "Бек Эйр" компаниясының өкілінен сұрағанда билеттің ақысы 40 мың теңге қайтарылмайтынын айтты. Бұл компаниядан түсініктеме мен өтемақы талап етемін. Ұшақта техникалық ақаулардың пайда болғанын айтты. Ал егер ол ақауларды ұшу кезінде байқалса, біздің жағдайымыз не болар еді?!
Жолдан қалған жолаушылар Азаматтық авиация комитетіне шағымдануы тиіс. Мамандай кеңес береді. "Бек Эйр" ғана емес, "Эйр Астана" мен "Скаттың" 6 рейсі кешігіп, 100-ге жуық жолаушы жолдан қалған.
Әділет Көбенов, ҚР азаматтық авиация комитеті халықаралық қатынастар және авиациялық тасмалдар басқармасының бас сарапшысы:
Авиакомпания ұшуға қауіп төнген кезде рейстің кешігуін қамтамасыз етеді. Егер біз сол үшін қандай да бір жауапкершілікке тартатын болсақ, ертең ұшу қаіупсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан әуе компания бірінші жолаушыға ең біріншіден қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиіс.
Сарапшылардың айтуынша, басқа мемлекеттерге қарағанда Қазақстан авиациясының даму қарқыны төмен. Ал рейстердің кешігуі әлем бойынша қалыпты жағдай екенін айтады. Жазғы маусымда жүріс көбейетін болғандықтан қосымша ұшақ табу мүмкін емес деп отыр.
Джордан Карамалаков, халықаралық әуе тасымалдаушылар қауымдастығының (ИАТА) өкілі:
Қазақстандағы авиацияның даму қарқыны басқа мемлекттерден қалып барады. Әуекомпанияларда келеңсіз жағдай болмас үшін Үкімет тәртіп құру керек. Қазақстанда әуежайлар мен компанияларды басқару жағы төмен. Осы орайда, ұшақтың жиі кешікпеуі мен техникалық ақаулардың алдын алуда, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын көтеруде арнайы нормативтік құжат қажет. Біз Үкіметке тәртіп орнату жағынан бірнеше ұсыныстар жасағанбыз, алайда қараусыз тұр.
Диана Сапарқызы, тілші:
Заңға сәйкес, егер ұшу уақытын жолаушылар 4 сағаттан астам күтсе, қызмет көрсетуші компания тағам мен қамтамасыз ету қажет. Ал 6 сағаттан асып кетсе, онда жолаушыға жатар орын берілу тиіс. Бұл міндеттер орындамаса, азаматтық авиация комитетінің сенім телефонына хабарласуға болады.