$516.01 €582.47 ₽6.26
×

"Нұр Отан" партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдады

AstanaTV
16.07.2018ж. 20:00
2267
"Нұр Отан" партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдады

"Нұр Отан" партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова қоғамдық қабылдау өткізді. Оған көпшілігі әлеуметтік мәселерін арқалай келген. 

Солардың бірі - 82 жастағы Қаншайым Қайырбекова. Ол баспана мәселесін шешіп беруді сұрады. Зейнеткер осыдан 10 жыл бұрын үй кезегіне тұрған. Алайда кезек жылжымайды деп қынжылды. Қария кезекте 1534-ші. Қазір бір бөлмелі пәтерде ұлының отбасымен бірге тұрады.

Қаншайым Қайырбекова, зейнеткер:

Менде баспана проблемасы. Кезегім жылжиды ма десем, сол күйі қозғалмайды. Кәрі адаммын. Ол пәтерге жетем бе, жетпеймін бе? Не айтасыз, көмектесіңіз!

Нұротандықтар Қаншайым Қайырбековаға баспана заң бойынша кезекпен берілетінін, оны жылжыту мүмкін еместігін айтты. Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада 48 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Баспанадан бөлек, қабылдауға кәсібін дамыту үшін жастар да қолдау сұрай келген.

Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Кәсіпкерлікті дамытамыз деген азаматтар да, жастар да, сондай-ақ аналар да бар. Оған біз "Атамекен" палатасымен және біздегі қаржы ұйымдарымен бірлесе көмек беруге даярмыз.