$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Елбасы Павлодар өңіріне жұмыс сапарымен барды

AstanaTV
17.07.2018ж. 20:00
2069
Елбасы Павлодар өңіріне жұмыс сапарымен барды

Елде мұнай өндірісі артқандықтан, оны терең өңдеуді қолға алу керек. Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған президент осылай деді. Мемлекет басшысы технологиялық жаңғырту мен өндірісті цирфландыруға көшкен Павлодар мұнай-химия зауытында болды. Жаңғырудың арқасында шикі мұнайды өңдеуде зауыт өнімділігі мен мұнай өнімдерінің сапасы артқан. Әйтсе де, Нұрсұлтан Назарбаев бұл межемен шектелмей, мұнайды терең өндеуді тапсырды. Осылайша, ішкі және сыртқы нарыққа халықаралық стандартқа жауап беретін дайын өнімдер ұсынатын жағдайға жеткіздуі міндеттеді.

Біз үш кәсіпорынды жаңғыртуға қомақты қаржы құйдық. Атырау, Шымкент және Павлодар зауыттарына. Осылайша, қуаттылықты арттырып, 2030 жылға дейін жанар-жағармай материалдарымен өз нарығымызды толықтай қамтимыз. Десе де, бізге тағы бір мұнай өңдеу зауыты керек. Шикізат та қажет. 

Ал С. Торғайыров атындағы кітапханада Маралды курортты жобасымен танысқан президент облыс әкімі Болат Бақауовтың жұмысына көңілі толмады. Мұны масқара деген президент оны ешкімге көрсетпеуге кеңес берді. Мемлекет басшысы ол жерде демалушыларды көлеңкелейтін, не отыратын орынның жоқтығын айтты. Сондықтан онда қонақ үйлер салып, мемлекет берген барлық мүмкіндіктерді пайдалануды тапсырды.

Айта кетсек, Маралды курорттық аймағы Павлодар облысының Шарбақты ауданында орналасқан. Жергілікті биліктің ақпарынша, бұл мекен өңірдің туристік кластерінің бір бөлігі болып табылады.