$540 €630.72 ₽6.72
×

Алматыда ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігіне қарамастан, тест тапсырушылар саны кеміген

AstanaTV
25.05.2016ж. 20:00
Алматыда ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігіне қарамастан, тест тапсырушылар саны кеміген

Бүгін республика бойынша барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Биыл елімізде 120 мыңнан астам түлек мектеп бітірді. Оның 87 мыңға жуығы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 2-сі мен 15-і аралығында өтеді. Астаналық мектеп-гимназияларының бірінде болған соңғы қоңырауға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. Елдің бас ұстазы үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге ақ батасын берді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Білімнің арқасында, ғылымның арқасында үлкен азамат болып, елде аттары шықсын. Одан артық армандары жоқ. Сіздерге жақсы оқып, ҰБТ-ны жақсы тапсырып, ең керемет оқу орындарына түсіп, азамат болып, керемет адам болыңыздар деймін. Тек қана сәттілік тілеймін, ақ жол!

Азамат АЛДОҢҒАРОВ