$516.01 €582.47 ₽6.26
×

“СНПС Ақтөбемұнайгаз” жұмысшыларына 50 пайыздық экологиялық үстемені төлемейтін болды

AstanaTV
18.07.2018ж. 20:00
3550
“СНПС Ақтөбемұнайгаз” жұмысшыларына 50 пайыздық экологиялық үстемені төлемейтін болды

“СНПС Ақтөбемұнайгаз” АҚ жұмысшыларына 50 пайыздық экологиялық үстемені төлемейтін болды. Бүгін Жоғарғы сот осындай шешім шығарды. Осылайша, 2016 жылдан бері созылып келе жатқан дауға нүкте қойылды. Бұған дейін ақтөбелік мұнайшылардың еңбекақыларына Аралдың экологиялық қауіпті аймағында тұрғаны үшін 50 пайыздық қосымша төленіп келген. Қосымша қаржы олардың өзге өңірлерде жұмыс істегеніне қарамастан, беріліп келген. Бірақ заңға өзгеріс енгізіліп, қосымша ақы экологиялық аймақта тұрып, тек сол жерде жұмыс істегендерге ғана төленетін болды. Ал өзге өңірлерден келіп жұмыс істейтіндердің жалақысына 20 пайыздық қосымша қосылады. 30 пайыздық үстемеден қағылған 300-ге жуық жұмысшы сотта табандарынан тоздырған еді. 

"Ақтөбемұнайгазда" ең төменгі жалақы Қазақстан бойынша. Статистика бойынша орта жалақы - 150 мың теңге. 20 пайыз, 50 пайыздың орнына 20 пайыз төлеп отыр. Біз мұнымен келіспейміз, ойдай ақшамыздан айырылып отырмыз.

Айта кетерлігі, жұмысшылар бұған дейін Ақтөбенің қалалық және аудандық соттарын жеңіп шыққан. Алайда Жоғарғы сот жұмысшылардың талап арызын қанағаттандырмады.

Ербол Исмаилов,  ҚР Жоғарғы сот судьясы:

Ақтөбе қалалық соты мен облыстық сотының шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды. “СНПС Ақтөбемұнайгаз” АҚ өтінішхаты ішінара қанағаттандырылсын. Жұмысшылардың 1,2 коэффицентінің орнына 1,5 коэффицентін қою туралы өтініштері қабылданбасын.