Dizzy энергетикалық газдалған сусынынан адам генін зақымдайтын зиянды зат табылды.
Өнімнің сақтау мерзімін ұзарту үшін қолданылатын бензоат натрийі шамадан тыс
жоғары болған. Мұны Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті хабарлады.
Қауіпті сусын Маңғыстау облысындағы сауда нүктелерін
тексеру кезінде анықталған. Сондықтан дүкен сөрелерінен алынды. Өндіруші - ресейлік "Дал" компаниясы. Денсаулық сақтау министрлігі ресейлік
әріптестеріне компанияның қауіпті өнімін зертханалық бақылауға алу туралы
хабарлама жіберген. Мамандар энергетикалық сусын құрамындағы Е211, яғни бензоат
натрийі, адам генін бұзып, ұрпаққа зиян тигізетінін ескертеді.