Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Биыл Атырауда 900 орындық 3 жатақхана пайдалануға беріледі

AstanaTV
18.07.2018ж. 20:00
3246
Биыл Атырауда 900 орындық 3 жатақхана пайдалануға беріледі

Биыл Атырауда барлығы 900 орындық 3 жатақханасы пайдалануға беріледі. Елбасының «5 әлеуметтік бастамасының» үшінші бастамасы білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жасалған жұмыстармен Атырауға барған Мәжіліс депутаттары танысты. Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық академия басшылығы бұған дейін 60 студентке жеке адамнан жатын орын жалдап келген болатын. Алайда аудан, ауылдардан келіп оқитын студенттер көп болғандықтан, сұранысты толық қамти алмаған. Биыл жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін 100 орындық жатақхана болашақ музыканттардың алаңсыз білім алуына кепіл болмақ. Депутат Бақтияр Мәкен бүгін заманауи үлгідегі жатақхана құрылысымен танысып, кейін аймақтағы белсенді жастармен кездесті.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Жатақхананың салынуы - бұл да бір серпіліс ретіндегі жақсы көрсеткіш, деп айтқым келеді. Елбасымыздың «5 бастамасы» арқылы жастарға арналған 7-20-25 бағдарламасы аясында Атырау қаласында сол бағытта кірген. Соның бағыттары үкімет тарапынан жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңа заман талабына сәйкес жақсы жатақхана. Менің ойымша, осындай жатақханалардың салынуы басқа өңірлерге, басқа оқу орындарына көрсеткіш ретінде көріну керек деп есептеймін.

Сондай-ақ, тағы бір топ депутаттар Алматы облысы Қапшағай қаласындағы спорт алаңдарын аралады. Жергілікті билік өкілдері былтыр Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп жанынан футбол, волейбол, баскетбол, боксерлік алаңдар салынғанын айтты. Сондай-ақ, стадион маңынан 45 көлікке арналған арнайы автотұрақ та ашылған. Ал, биыл партияның жаңа жобасы аясында қосымша қаладағы спортты жетілдіру үшін 14 млн теңгеге жүгіру жолдарын салу жоспарланып отыр. Одан бөлек баскетбол мен футбол алаңдары қоршалмақ.

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,  "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Партияның жобасы аясында Қапшағай қаласындағы кітапханаларда цифрландыруға байланысты Кабис бағдарламасы, кітапханаға бармай-ақ, үйде отырып алып, кітап әлемінде не болып жатқандығына байланысты, қолжетімділікке байланысты да біраз жұмыс атқарылып жатыр екен.