Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент Денис Теннің өліміне қатысты Бас прокурор мен Ішкі істер министріне тапсырма берді

AstanaTV
20.07.2018ж. 20:00
2098
Президент Денис Теннің өліміне қатысты Бас прокурор мен Ішкі істер министріне тапсырма берді

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне қатысты істі Бас прокурор мен Ішкі істер министрі өз бақылауына алсын. Осылай деген президент тыңғылықты және объективті тергеу жүргізуді тапсырды. Ал Президент Әкімшілігіне тергеу барысын үздіксіз бақылауда ұстауды жүктеді. Нұрсұлтан Назарбаев Денистің ата-анасына телефон шалып, орны толмас қазаға көңіл айтты. Президент спортшының қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізген. Ал жазықтылар жазасын алатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы: "Денис Тен мәнерлеп сырғанаудың отандық мектебін қалыптастыруға және дамытуға, Қазақстан спортын жоғары деңгейде ілгерілетуге зор үлес қосты. Оның жарқын жетістіктері еліміздің абыройын асқақтатып, жастар арасында спортты дәріптеуге септігін тигізді", - деді.