Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Денис Тенді аман алып қалу мүмкін еді - Л.Ақтаева

AstanaTV
20.07.2018ж. 20:00
2308
Денис Тенді аман алып қалу мүмкін еді - Л.Ақтаева

Қанды тоқтату үшін шұғыл түрде таңу салғанда, Денис Тен аман қалуы мүмкін еді. Мәнерлеп сырғанаушының өліміне қатысты түсініктеме берген Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева осылай деді. Спортшы көп мөлшерде қан жоғалтқан. Оқиға болған жерге жақын маңдағы клиникалық ауруханада шұғыл хирургиялық бөлім болмаған соң, пациентті дәрігерлер орталық қалалық клиникалық ауруханаға апарған. Ол емдеу мекемесіне клиникалық өлім жағдайында жеткізіліпті. Дегенмен вице-министр оны аман қалып үшін ақ халаттылар қолдан келгеннің бәрін жасағанын айтып отыр. Екі сағаттан аса уақыт Денистің жүрегі мен өкпесіне жансақтау шаралары жүргізілген.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Егерде қан тоқтатуға арналған бұрау тез салынғанда, жоғалтқан қан көлемі аз болар еді. Яғни неғұрлым жылдам таңылғанда, соғұрлым жағдай жақсы болып, сәйкесінше, пациентті аман алып қалуға мүмкіндік болар ма еді. Оның өлгеннен кейінгі диагнозы - он жақ санының жоғарғы бөлігі мен жамбас жарақаты, бетінің бірнеше рет тілінуі, екі тізесінің буындарының тілінуі, қан кету шогы, клиникалық өлім деп тіркелді.  

Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ, Астана телеарнасы