$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жеңіс Қасымбек президенттің сынына орай түсініктеме берді

AstanaTV
20.07.2018ж. 20:00
4117
Жеңіс Қасымбек президенттің сынына орай түсініктеме берді

Жеңіс Қасымбек президенттің сынына орай түсініктеме берді. Ол өзі басқаратын министрлік бастаған істі соңына дейін жеткізетінін мәлімдеді. Әсіресе тұрғындар баспана құрылысының игілігін көріп жүргенін айтты. 

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

"Нұрлы жер" бойынша қаржыландыру  "7-20-25"- пен бірге бұрынғыдай жалғасады. Бағдарлама бір ай бұрын басталды. Ол қатардағы азаматтарға дейін жетеді. Ұлттық банк мәліметінше, алғашқы 95 ипотека рәсімделді. Биылға 100 млрд қаралаған. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе оны сәтті жүзеге асыруы керек.

Инвестициялар және даму министрілгі тұрғын-үй құрылысы, жол салу, жаңа кәсіпорындар ашу, инновацияны дамыту жөніндегі бағдарламаларға жауапты. Еске салайық, күні кеше Ақордада премьер-министрді қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламалар соңына дейін жетпей, жарты жолда қалады деп Үкімет жұмысын сынаған болатын.