$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жемқорлықтан көш бастап тұрғандар - жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер органдары және квазимемлекеттік сала қызметкерлері

AstanaTV
20.07.2018ж. 20:00
2839
Жемқорлықтан көш бастап тұрғандар - жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер органдары және квазимемлекеттік сала қызметкерлері

Жемқорлықтан дес бермей отырған орган - әлі де сол ішкі істер органдары. Олардан жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері де қалмайды. Бұл туралы бірінші жартыжылдықты қорытындылаған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлемдеді. Оның айтуынша, бармақ бастылық барлық салаларда жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүйелі түрде жасалып отырған.

Тек соңғы жарты жылда 700-ден астам тұлға анықталды. 18-і республикалық, 55-і облыстық, 101-і қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар. Олардың арасында Энергетика вице-министрлері, сыртқы саясат ведомствосының жауапты хатшысы, Ауыл шаруашылығы министрлігі Комитеттерінің төрағасы мен төрағаның орынбасары, Ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, құқыққорғау органдарының басшылары, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі судьялар бар, деді Шпекбаев.

Алик Шпекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

Агенттіктің жемқорлықтың кез келген түрін қатаң тыюға күші жететініне ешкімнің күмәні болмасын. Әсіресе Қазақстанда қолайлы бизнес климат жасау бағытында. Бизнеске кез келген заңсыз араласу, қарау мерзімін созу мен өзге де бюрократиялық амалдар, жемқорлық саясатқа қарсы әрекет деп бағаланатын болады. Лауазымды тұлғалардың жеке бас мүддесі мемлекет мүддесіне қайшы келмеу керек.