Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада суға түсу маусымы басталғалы бері бір ғана Сарыарқа ауданында 3 адам суға батып кеткен

AstanaTV
20.07.2018ж. 20:00
2978
Астанада суға түсу маусымы басталғалы бері бір ғана Сарыарқа ауданында 3 адам суға батып кеткен

Астанада тыйым салынған жерде суға түсетіндер азаймай тұр. Рейдке шыққан құтқарушылар бұған тағы көз жеткізді. Шомылу маусымы басталғалы Сарыарқа ауданындағы өзен-көлдерге түскен 3 адам қайтыс болған. Оның екеуі бала. Мамандар апаттың алдын алу үшін рейд жасауды жиілеткен.

-Запрещено. Здесь не санкционнированное место купания.  Выходите, пожалуйста. -С чем связано? Скажите. Мы только зашли. Мы хорошо плаваем.

Жасы 65-ке келсе де, көлдегі балықтай емін-еркін жүзетін қос әжейді құтқарушылар бірнеше мәрте ескерту айтып, судан әрең алып шықты. Аптап ыстықта денелерін салқындатпақ болған олар құтқарушы қызметін атқара алатындарын айтып ақталды. Ересектер ғана емес, тыйым салынған жерде мектеп оқушылары да алаңсыз шомылып жүр.

Құтқарушылар қамыс арасындағы лас суға түсіп жүргендерге қауіпті әрі рұқсат етілмеген аумақтарда шомылуға болмайтынын айтып түсіндірді. Тіпті ескерту қағаздарын да таратты. Бұл жерде тыйым салынғанын ескертетін тақтай да тұр. Бірақ оны елеп жатқан ешкім жоқ.

Мэлс Есжан, Астана қаласының тұрғыны:

Білмедім, мен себебі мына жерде анандай знак барын көрген жоқпын. Сол үшін мына жерге келіп, суға түстім. Басқа ешнәрсе істеген жоқпын. 

Екіде келдім өзім осы жерге суға түсуге. Болды. Шығып қайтып бара жатқанбыз. Сіздер келіп қалдыңыздар.

Құтқаршылар жаз басталғалы 20 ескертпе белгі орнатқан. Бірақ бұзақылар оны сындырып кететін көрінеді. Биыл шомылу маусымы басталғалы бері тек Астана қаласында 15 адам суға кеткен. Оның барлығы рұқсат етілмеген жерде шомылған.

Алмас Ережепов, Астана қаласы Сарыарқа ауданы ТЖБ аға-инженері:

Сарыарқа ауданының көбінде жаңағы мынау Көктал шағын ауданы, Көктал-1 шағын ауданы, Есіл өзенінің оң жағы, жаңағы мынау «Три пескаря» дейді қонақ үйі, соның артқы жақтарында, содан ары қарай «Қарттар үйінің» артқы жақтарында, Есіл өзенінің жағасында - адамдардың көбі сол жерлерде шомылады.

Құтқарушылар адамдарды судан келетін ажалмен қоса, өрттен болатын қайғылы жағдайлардан да арашалау үшін рейд өткізіп жүр. Жеке секторлардағы жер үйлердің пештерін және мұржаларын тексерді. Талапты орындамағандарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Былтыр мұржаларды тазартпағанның кесірінен 10 адам улы газға тұншыққан. Абырой болғанда, бәрі дін-аман.

Сабина МӘДИҚЫЗЫ