Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жапонияда аптап ыстықтан 65 адам мерт болды

AstanaTV
24.07.2018ж. 20:00
2224
Жапонияда аптап ыстықтан 65 адам мерт болды

Жапонияда аптап ыстықтан 65 адам мерт болды. Қазір Токио маңындағы Кумагая қаласында термометр бағамы 41 градусқа дейін жоғарылаған.  Тек өткен аптада елде 20 мың адам ауруханаға жеткізілген. Жыл сайын сынап бағанасының көтерілуі билік өкілдерін алаңдатып отыр. 2020 жылы Токиода олимпиада өтеді. "Спорттық дода өтетін кезде осындай аптап ыстық болса, спортшылардың да, жанкүйерлердің де өміріне қауіп төнуі мүмкін", - дейді Токио губернаторы. 

Юрико Коикэ, Токио губернаторы: 

Соңғы күндері Жапония нағыз ыстық моншаға айналғандай. Олимпиада ойындарын өткізу кезінде мұндай ыстық болса, спортшылар дайындалған денсаулығы мықты болуы мүмкін, бірақ жанкүйерлерге алаңдаймын. Сондықтан бізге бұл мәселені шешу жолдарын қарау керек. Бұл 2020-шы жылдардағы олимпиада ойындарын сәтті өткізудің бірден бір тетігі.