Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақ-қырғыз сауда айналымы былтыр 13,4 пайызға өсті

AstanaTV
17.08.2018ж. 20:00
2234
Қазақ-қырғыз сауда айналымы былтыр 13,4 пайызға өсті

Қазақ-қырғыз сауда айналым былтыр 13,4 пайызға өсті. Биыл бес айдың қорытындысы бойынша өсім 9,8% құрады. Астанада Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің VII отырысы өтті. Оған қос елдің премьер-министрлері қатысты. Бүгінде Қазақстанда көтерме және бөлшек сауда, өңдеу өнеркәсібі, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, құрылыс және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін 824 бірлескен кәсіпорын бар. «Өзара сауда анайлымын $1 млрд дейін ұлғайту жөніндегі жоспарларды іс жүзіне асыруға болады», - деді Бақытжан Сағынтаев. Жыл соңына дейін Іскерлік кеңестің І отырысын және қазақстандық экспортшылардың Қырғызстанға сауда-экономикалық сапарын өткізу жоспарда бар.