$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шығыс Қазақстан облысы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздарын жария етті

AstanaTV
27.07.2018ж. 20:00
3106
Шығыс Қазақстан облысы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздарын жария етті

Шығыс Қазақстан облысы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздарын жария етті. Бас жүлдені «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы жеңіп алды. Үздік жоба 1 миллион тенгенің сертификатын иеленді.

Ал екінші орын Ұлан ауданының «Қамқор» жобасына бұйырды. Қаладағы "инватакси" қызметін көрсететін мекеме үшінші орынға тұрақтады. Бұдан бөлек 6 мекемеге ынталандыру сыйлықтары да табыс етілді. Топ жарғандар республикалық сайыста бақ сынайды. Жалпы, сәуірдің 20-сында басталған байқау өңірде екі кезеңмен өтті. Алдымен аумақтық, одан іріктелгендері облыстық сайыста бақ сынады. Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар арасынан 32 жоба қазылар арқасының қарауына ұсынылған. Сайыста топ жарған жүлдегерлердің бірі «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігі ұсынған «Біз бірге мықтымыз!» жобасы. Бұл ұйым бүгінде төсек жабдықтарын, сондай-ақ сәбилерге арналған киім-кешек пен сан алуан жиһаз түрлерін де шығарады. Кембағал жандардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасап, ақпараттық-құқықтық тұрғыда көмек көрсетеді. Қазіргі таңда тек бірлестіктің өзі 27 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтып отыр. 

Татьяна Веляева, "Алтай-Ай" ҚБ тігін өндірісінің жетекшісі: 

Біз барлық байқауларға қатысуға тырысамыз. Атқаратын ісімізді, жобаларымыз туралы халық білсе екен дейміз. Себебі қоғамның белсенді мүшелері ретінде еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып келеміз.

Әнуарбек Мұхтарханов, "Нұр Отан" партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бірінші рет «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтіп отыр. Бұған дейін еңбек министрлігі ұйымдастыратын. Былтыр 5 жоба қатысса, биыл 32 жоба қатысып отыр, Шығыс Қазақстан бойынша. Комиссия соның 9 таңдап алдық.