$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Маңғыстаудың даму деңгейі жоғары - Ералы Тоғжанов

AstanaTV
27.07.2018ж. 20:00
2396
Маңғыстаудың даму деңгейі жоғары - Ералы Тоғжанов

Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша биыл 18 жоба іске асып, 3 мың жұмыс орны ашылған. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың жарты жылды қорытындылаған есебінде белгілі болды. Үш ауысымды мектептерді азайту, көлік логистикасын дамыту, баспана құрылысын жандандыруда да өзгерістер бар. Жиынға қатысқан тілшіміз тақырыпты толықтарады.

Аймақ басшысы өткен жырты жылда атқарылған жұмыстарды саралады. Ол 1 сағаттан аса уақыт мінберден өткенге есеп жасап, келешектегі жоспарымен бөлісті. Өңірлік өнім алғашқы жартыжылдықта 659,4 млрд теңгені құраған. Осының арқасында Маңғыстау Қазақстандағы жалпы өңірдегі өнім көрсеткіші бойынша 4-ші орынға көтеріліпті. Жуырда үш аусыммен оқып келген балалардың мәселесі шешілетінін айтты. Ал мектепке дейінгі мыңнан аса бүлдіршін үшін 10 балабақша бой көтеріпті.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

Ең басты міндет өңдеу секторын дамыту болып табылады. Аталған сектордың жалпы өнеркәсіптік өндірісіндегі үлесі соңғы жылда 5 пайыздан 9 пайызға өсіп отыр. Есептік кезеңде өндіру көлемі 12 пайызға артып 119 млрд тг құрады. Енді бұл былай жалпылама цифрлар ғой. Бірақ бұл цифрлардың ар жағында ұлкен жұмыс жатыр. Мынау 12 пайыз деңгейіне - даму деңгейіне шығару, оның өзі де оңай мәселе болған жоқ. Бірақ ондай мүмкіндік бүгін бар. Соны толықтай жүзеге асырып отырмыз. 

Бұдан бөлек, облыс әкімі баспана салу мәселесі де басты назарда екенін айтты. Өткен 6 айда құрылыс көлемі 20 пайызға өскен. Пайдалануға шамамен 700 мың шаршы метр баспана берілген. Бұл межені 200 мың шаршы метрге тағы өсіруді жоспарлап қойған. 

Дмитрий Клинчев, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты:

Бірнеше жыл бұрын маған Новосибирск қаласының мэрі Локоть Анатолий Евгеньевичпен сөйлесудің сәті түскен еді. Ол сол кезде Новосибирск қаласы миллиондық қалалар ішінде 3-ші орын алатынын әрі Ресей бойынша баспана берілу көрсеткіші бір адамға 1 шаршы метрден келетінін артық мақтансыз-ақ айтып еді. Ал бізде бұл көрсеткіш олардан 2 есеге жоғары.

Сонымен қатар, аймақ әкімі мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс жер телімдеріне де тоқталды. Бүгінде мемлекетке 110 жер учаскесі қайтарылған. Ал, 167 жер телімі шағын және орта кәсіп иелеріне сатылған. Ералы Тоғжанов атқарылған ауқымды жұмыстардың аз еместігін, дегенмен тындыратын тірлік те көп екенін айтты. Соның бірі тамызда өтетін 5 мемлекеттің бірлескен Саммиті деді. Каспий маңы елдерінің басшылары теңізді өзара бөлу бойынша  қорытынды конвенцияны қабылдамақ. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ