$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанада құжатсыз саудаланған 500-ге жуық көлік бөлшектері тәркіленді

AstanaTV
31.07.2018ж. 20:00
2159
Астанада құжатсыз саудаланған 500-ге жуық көлік бөлшектері тәркіленді

Астанада құжатсыз саудаланған 500-ге жуық көлік бөлшектері тәркіленді. Қазіргі кезде көбінесе әккі ұрылар автокөлік айналарын ұрлауға дәніккен. Тәртіп сақшылары  ешқандай құжатсыз сатылған 355 автоайнаны тәркіледі. Қолды болған 135 көлік шамы мен 42 аккумулятор да табылды. Саудагерлер бұл тауарларды қайдан алғандарын түсіндіре алмапты.

Полицейлер тексерісі спортшы Денис Теннің өлімінен кейін ел аумағындағы автобазарларда жүргізіліп жатыр. Астанадағы рейд кезінде заң тараптарын бұзған 200 адам бөлімшеге жеткізілген. Оның ішінде аккумулятор ұрлаған және оны сатып алған күдікті де бар.

София  Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

Түркістан облысының тұрғынынан 20 аккумулятор тәркіленіп, оның тең жартысы ұрланған болып танылып, қазіргі таңда тексеріс жүріп жатыр. Және де оған қатысты сотқа дейінгі тергеу де жүріп жатыр. 196 бабы, яғни біле тұра ұрланған затты сатып алғаны туралы.