Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанда орташа жалақы 8,5 пайызға көбейді

AstanaTV
31.07.2018ж. 20:00
4528
Қазақстанда орташа жалақы 8,5 пайызға көбейді

Биылғы жылдың екінші тоқсанында елдегі орташа жалақы 8,5 пайызға көбейді. Ол шамамен 163 мың теңге. Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті осындай мәлімет келтірді. Бұрынғыдай жалақысы жоғары мамандардың көшін қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері бастап тұр. Орташа айлық 335 мың теңге шамасында. Ғылым және техникалық қызметтегі мамандар айлығы 273 мың теңге. Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің табысы айына 238 мың теңге. Өндіріс саласындағы еңбекақы 225 мың, ал құрылысшылар табысы 213 мың теңгеге жуық. Ал ең аз жалақы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласында. Олардың айлығы 94 мың теңге. Бұл елдегі орташа жалақыдан 42 пайызға кем. Ал аймақтар ішінде Атырау облысында тұратындар табысы жоғары. Орташа жалақы 291 мың теңге. Ол орташа айлықтан 1,8 пайызға артық. Ал Жамбыл облысында, керісінше, жалақы 31,7 пайызға кем.