$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Әлеуметтік жобалар байқауы қорытындыланды

AstanaTV
01.08.2018ж. 20:00
3323
Әлеуметтік жобалар байқауы қорытындыланды

"Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" байқауы Алматы қаласы мен Жамбыл облысында да өз мәресіне жетті. Мегаполисте қоғамдық және мүгедектер  ұйымдарының атынан 18 ұжым бақ сынаған. Олардың өтініштері сәуір мен маусым айлары аралығында қабылданыпты. Нәтижесінде бас жүлде «Өзін-өзі жетілдіру үйі» жобасымен, әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұжымына бұйырды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек қолын созатын «Ел Назы» және «Еріктілер қозғалысы әлемді өзгертеді» жобалары да екінші-үшінші орынды қанжығаларына байлады. Ал Жамбыл облысында дәл осы байқауға 16 жоба ұсынылған. Олардың ішінен «Тараз қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жүректен жүрекке» жобасы үздік деп танылды.

Дәнипа Ысқақова, Алматы қаласы №1 әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры:

Жүлде қорына тағайындалған 1 миллион теңгені өз жобамызды жетілдіруге жұмсаймыз. Арнайы дамыту мектебін ашып, өздігінше өмір сүру қалыбын қалыптастыру - басты мақсат. Өйткені біз бір жылда 700-ге жуық жүйке жүйесі сыр берген қазақстандықтарды сырқатынан айықтырдық. Ондай жандар ақшаның, науқанның, жеңілдіктің не екендігін түсіне бермейді. Біз оларды математика, география пәндеріне оқытып, дұрыс өмір сүруді үйретеміз.

Ақбөпе Каленова, Тараз қалалық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Жеңімпаз болғаныма қуаныштымын. Осы айдың ортасында,  яғни шілдеде Тараз қалалық «Үздік әлеуметтік жобадан» олысқа жолдама алдым. Енді бүгінгі күні облыстық байқаудан бірінші орын алып отырмын. Біздің бірлестікте қазіргі таңда 15 адам жұмыс атқарады. Осы уақытқа дейін 2015 жылдан бері 170 отбасыға көмек көрсетіліп, қамтылды. 

Енді жеңімпаздар байқаудың Астана қаласында өтетін республикалық кезеңіне барады. Шарапатты шараның мақсаты - өмірі қиын жағдайға тап болған тұлғалардың түрлі әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.