$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жаңа оқу жылына дайындық

AstanaTV
01.08.2018ж. 20:00
3598
Жаңа оқу жылына дайындық

Мектептер жылу маусымына дайын ба? Бұған дейін осы сала мамандары қаржы бөлінбей жатқанын мәлімдеген еді. Бүгін тілшілеріміз министрліктен мән-жайды анықтап, жаңа оқу жылына дайындықты анықтап көрді.

Диана Сапарқызы тілші:

Былтырғы көмір тапшылығы біраз мектеп басшылығын алаңдатты. Аймақтардағы білім басқармасындағылар биыл мектептерді жылытуға қажетті қаражатты ертерек бөлуді сұрады. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен бұл сұраққа жауап беруін сұраған едік, алайда Алшановқа аударды. Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының төрағасы білім ошақтарында мұндай мәселе жоқ екенін айтты. Ал мектептерге жылу үшін қаржы бөлініп қойған деп отыр.

Рахман Алшанов, ҚР Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының төрағасы:

Мектепке байланысты қазір үкімет шешім қабылданды. Көмір өндірушілер айтып отыр. Қазір ертерек қамданындар деп. Соған қазір біз дайынбыз деп отыр олар. Былтыр тапшы болғаны вагондар жеткіліксіз болды. Қазір вогондар бар сияқты соған ертерек қамданатын болса, қаражат бөлінген, шешілетін дүние.

Диана Сапарқызы, тілші:

Алайда қанша қаражат бөлінгені белгісіз. Білім және ғылым министрлігінің өілдері мектептердің жылу маусымына дайындығы келер аптада өтетін Үкімет отырысында талқыланатынын хабарлады. Қысы ерте түсіп, қаһарлы болатын Қызылжарда жылыту мәселесі қолға алынған ба? Абзал...

Иә, Диана біздегі мектептерде қазір сабанмен жылытылатын пештер орнатылып жатыр. Билік өкілдері мұндай заманауи қондырғылар шығынды аса қажет ептейді, дейді. Себебі шикізатты аймақ диқандары тегін ұсынады екен.

Бұл жұмыстар негізі 2015 жылы қолға алынған еді. Содан бері жылыту кезінде 22 миллион теңге үнемделіпті. 

Роза Елубаева, СҚО білім беру басқармасының бөлім басшысы:

2015 жылдан бастап сабанмен жылытылатын пештер 14 мектепте орнатылды. Биыл тағы 15 пешті қосу жоспарда бар. Жалпы жылыту мауысымына дайындық жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Бүгінде 500-ге жуық білім беру мекемесі дайындық паспорттарын алып үлгерді.

Облыстық білім беру басқармасы аудан, ауылдардағы мектептерді көмірмен қамтуда проблема болмайды деп сендірді. 96 мың тонна көмірге кәсіпорындармен келісімшарт жасалыпты.

Абзал Құрманкин, тілші:

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 807 миллион теңге бөлінген. Мектептерге көмірдің алпыс пайызы жеткізіліпті. Орайы келгенде айта кетейін, Қызылжарда биыл 9 мектепке күрделі жөндеу жасалып жатыр. Бұл мақсатқа жарты миллиард теңге бөлініпті. Ал Керекуде білім беру мекемелерін жөндеуге 1 млрд теңге бөлген. Әріптесім Әсемгүл толғырақ баяндайды.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Абзал дұрыс айтасың. 1 млрд теңге Павлодардағы 34 білім беру мекемесінің күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына бөлінген. Кей мектептердегі кішігірім жұмыстар аяқталған. Қалғаны тамыздың 15-іне дейін бітеді. Бұл - білім бөлімінің бізбен бөліскен ақпараты.

Қазір асхана, спорт залынан бөлек, бірнеше мектептерде терезе алмастырылып жатыр. Олардың ішіндегі негізгісі - ол шатыр ауыстыру. Шаһардағы жиырма мектептің төбе жабындысын жаңарту ісі де қолға алынған.

Амангелді Иманберлинов, Павлодар қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

Конкурс нәтижесі бойынша, қалаға танымал және жаңа ашылған бірнеше фирма ұтып алды. Мердігерлердің жұмысы жақсы. Бәрін уақытында орындап жатыр. Белгіленген мерзімде аяқталады. Жұмыс сапасы білім бөлімі мен мектеп басшылығының назарында.

Мергілер компаниялар 1-ші қыркүйекке дейін барлық жұмыстарды аяқтауы тиіс. Білім бөліміндегілер жұмыстар кесте бойынша жүріп жатқанын айтты.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Жергілікті шенділер салада кадр тапшылығы барын айтты. Өңірде математика, ағылшын, орыс тілі мен бастауыш сыныптарының мұғалімдері жетіспейді.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ