$516.01 €582.47 ₽6.26
×

«Ағайынды төртеу» ісі бойынша қылмыстық топқа сот үкімі шықты

AstanaTV
02.08.2018ж. 20:00
2457
«Ағайынды төртеу» ісі бойынша қылмыстық топқа сот үкімі шықты

Ақтөбеде атышулы "Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі жарияланды. Топтың серкесі Еркін Ізбасар 12 жылға сотталды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтейді. Ал оның оң қолы Аухат Қалиев 11 жыл жаза арқалады. Ұйымдасқан топқа Қылмыстық кодекстің оннан астам бабы бойынша іс қозғалған болатын. Істі сот 9 ай қараған болатын.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы:

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 2018 жылғы 2 тамыздағы үкімімен Ізбасар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен алынған меншігіндегі дүниесі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық топқа көмектескен облыстық ІІД бастығының орынбасары Рахат Аханов 5 жыл 3 айға сотталды. Оның барлық мүлкі тәркіленіп, полиция полковнигі шенінен айырылды. Естеріңізге салсақ, қылмыстық топ мұнай ұрлап, кәсіпкерлерге қоқан-лоққы көрсетті деп айыпталған. Бүгін бас-аяғы 26 адамға үкім шықты. Енді олар өмірін 2-ден 12 жыл аралығында темір торда өткізеді.