Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбе облысында 1 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған

AstanaTV
02.08.2018ж. 20:00
2322
Ақтөбе облысында 1 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған

Ақтөбе облысында 1 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған. 6 адам жұмыстан қуылды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тексеріс кезінде аймақтағы біраз былықты анықтаған. Қаладағы құрылысы тоқтап қалған туберкулез диспансеріне бюджет есебінен 1 млрд теңге аванстық төлем ретінде аударылған. Ал жолды жөндеуге 70 миллион теңге бөлінгенімен, ол талаптарға сай жүргізілмей, сапасыз болып шыққан. Сонымен қатар, үкімет қаражатына салынған кей нысандар халық игілігіне берілмеген.

Рашит Ахметов, ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі:

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген қаржының да тиімді жұмсалмағаны байқалды. Мысалы, таза сумен қамту үшін кей аудан орталықтарында салынған суды хлорлайтын арнайы құдық пайдаға мүлде берілмеген. Бұл атқарылған жұмыстың нәтижелілігін жоққа шығарып отыр. Ал оған үкімет есебінен  3,6 миллион теңге қаражат бөлінген.

Ал 230 оқушы білім алатын Нұрлыкөл орта мектебі 600 орындық болып салынған. Облыс әкімінің орынбасары ретсіз жұмсалған қаржы қыркүйек айына дейін республикалық бюджетке қайтарылатынын айтып құтылды.

Олжас Смағұлов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

Жалпы 400 млн теңге қайтарылды, тағы 50 млн теңге қайтарылады. Ал жол мәселесі бойынша біз қыркүйек айына дейін 6 млн теңге қайтарамыз республика бюджетіне. Біз емес, мердігер қайтарады.