Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Аcтанадағы "Жастар" шағын ауданында 14 жерасты контейнері ортанылмақ

AstanaTV
02.08.2018ж. 20:00
3419
Аcтанадағы "Жастар" шағын ауданында 14 жерасты контейнері ортанылмақ

Астанадағы «Жастар» ауданының тұрғындары енді қоқыстың иісінен арылатын болды. Апта соңына дейін Байқоңыр ауданына 14 бірдей жер асты контейнерлерін орнату жұмысы аяқталады. «Ақылды аудан» жоба аясындағы инновациялық технологияның пайдасы сол, топыраққа көмілгендіктен, қоқыстардағы зиянды бактериялар ауаға таралмайды. Ескісіндегідей қалдықтар да арнасынан асып төгіліп жатпайтын болды. Тереңдігі 3 текше метрлік контейнерлерді тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын «Clean City» компаниясы орнатып жатыр. Құны 800 мыңнан асатын Финляндия өнімі қашықтықтан басқарылады.

Рамиль Досмағанбетов, Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің жетекшісі:

Бұл контейнерлерге арнайы дыбыс белгісі орнатылған. Қоқыс толған кезде компания өкілдері келіп тазалайды. Инвестициялық жоба аясында орнатылып жатқандықтан, мемлекет қаржысынан бір тиын алынбайды. Халық тығыз орналасқан аудандарға қойғандағы мақсатымыз, олар 3 есеге аз орынды алады. Яғни ескі үшеуінің орнын бір жерасты жаңа контейнері алады. 

Ескі демекші, дөңгелек жасыл қоқыс жәшіктері де пайдаға жарайды. Олар «Өндіріс» және «Кірпішті» тұрғын үй алабына жеткізілетін болады. Өйткені аталған аудандарға көлемді еуроконтейнерлер қажет.

Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ, Астана телеарнасы