Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Самұрық-Қазына» банктерден өз депозитін шұғыл алып жатыр

AstanaTV
03.08.2018ж. 20:00
2785
«Самұрық-Қазына» банктерден өз депозитін шұғыл алып жатыр

«Самұрық-Қазына» еншілес компанияларға көмектесу үшін банктерге салған депозитін алып жатыр. Бұл туралы қор басшылығы мәлімдеді. Қор жуырда  «Қазкоммерцбанктен» 117 млрд теңге болатын депозитін мерзімінен бұрын алды. Сондай-ақ күзде тағы да екінші деңгейлі банктен 220 млрд теңге көлеміндегі депозитті қайтару туралы келісім жасалған. Ол нақты қай банк екені айтылмады. «Құпия ақпарат», - деді қор өкілдері. Ал босаған қаржыны арзан несие ретінде еншілес компанияларға үлестірмек.

Ернар Жанәділ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры:

Ол қаражат нарықтағы көрсеткіштерден төмен мөлшермен «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларына қарызға беріледі. Атап айтқанда, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ - 75 млрд теңге, «Қазақтелеком» АҚ - 75 млрд теңге және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - $200 млн алады. Орташа мерзімде бұл шара 50 млрд теңге көлемінде Қорға оң нәтижесін береді.

Маманның айтуынша, бірінші жартыжылдықта Қор сыртқы қарыз көлемін 900 млн долларға азайтты. Ұлттық компаниялар ішінде үшеуінің қарызы көп, ол - «ҚазМұнайГаз», "Самұрық-Энерго" және "Қазақстан-теміржолы". "Қамұнайгаз" биыл 1,6 млрд долларға халықаралық облигацияларын өтеді. Алдағы үш жылда 8 млрд доллар берешегін жабуды көздейді. Бүгінде "Самұрық-Қазынаның" жалпы сыртқы қарызы  5,5 трлн теңгені құрайды.