Жарты
жылда 2 мыңға жуық қазақстандық алғаш рет ипотека рәсімдеген. Банк арқылы
баспана алушылардың көбеюі несие берудегі талаптардың жақсаруы мен үйге деген
сұраныстың артуынан. Бірінші несие бюросының сарапшылары осылай деп отыр. Жыл
басынан бері 33 мыңнан астам баспана ипотека арқылы сатылған. Оның 2 мыңға жуығы пәтерді алғаш рет банк
арқылы қарызға алып отыр. Бір жыл ішінде берілген қарыздың көлемі 1,5 есеге
көбейген. Былтырғы жылдың екінші тоқсанында 64,3 млрд теңгеге ипотека
рәміделсе, биыл ол 92,5 млрд теңгеге жеткен. Осылайша шілдеде ипотекалық займ
портфелі 1,4 трлн теңгеге жуықтады. Оның ішінде валюталы несиеге сұраныс едәуір
азайған. Портфельдің 40 пайызы Алматы еншісінде болған. Бірақ былтырғы жылдың
соңына қарай Астанада ипотекаға сұраныс артқан.