12 тамызда Ақтауда "Каспий бестігінің" саммиті өтеді. Тап сол күні тарихи құжат қабылданады деп күтіледі. Теңізді жағалай қонған бес ел 26 жылдан бері ортақ мәмілеге келе алмаған. Ақтауда жылдарға созылған келіссөздердің нүктесі қойылуы тиіс. Ал бұл уақытта қалада саммитке қызу дайындық жүріп жатыр.
Маңызды кездесудің детальдары алдын ала Ақорада талқыланды. Президент салаға жауапты шенділерді түгел жинап, саммитке дайындықты пысықтап алды. Қарт Каспийдің тағдыры шешілетін күн алыс емес. Оны бөліске салу оңайға соқпады. Талай кездесу, талқылау, түсініспеушіліктер болғаны рас. Мұнайға, бекіреге бай, табиғи ресурсқа тұнып тұрған теңізден әркім өз үлесін алуға барын салды. Жүк тасымалы, транзит тағы бар.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз Каспий саммитіне көп жылдар бойы дайындалдық. Сарапшыларымыз шетелдік әріптестерімен бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарды.
Назарбаевтың шақыруымен саммитке Әзербайжан, Иран, Ресей, Түркіменстан президенттері келмек. Әкімдік Ақтаудың сәнін келтіруге үш ай бұрын кіріскен. Коммуналдық қызмет гүл көшеттерін отырғызып болды. Бұл соңғы штрих. Президенттер кортежі жүретін жол болса керек. Қаланы сәндеуге бюджеттен 1 млрд-тан артық теңге бөлінген.
Қайрат Ақыбаев, Ақтау қаласы ТҮКШ бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
Волнуемся, обязательно, конечно. Без этого никак. Здесь, как говорится, со стороны судить легче.
"Достық үйі" - саммит өтетін орын. Былтыр салынған ғимарат. Аумағы 11 мың шаршы метр. Құрылысына облыстық бюджеттен 5 млрд бөлінген. Қазір әр бөлмеде қызу жұмыс.
Амангүл Жайлыханова, «Қоғамдық келісім» жетекшісі:
Я
думаю, что тут мебель не хуже, чем в Кремле, не хуже, чем, например, в Иране, в
своей резиденции. Я думаю, что будет соответствовать.
5-ші
рет өтетін саммитте Каспий жағасындағы елдердің теңізді пайдалану туралы
құқықтары мен міндеттері, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция
қабылданады. Осы уақытқа дейін Бестік 2002 жылы Ашхабадта, 2007 жылы Тегеранда,
2010 жылы Бакуде және 2014 жылы Астраханда кездескен.