Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Павлодарда бассейнге батып кеткен 14 жасар жасөспірім құтқарылды

Павлодарда бассейнге батып кеткен 14 жасар жасөспірім құтқарылды

Павлодарда 14 жасар жеткіншек клиникалық өлім жағдайына түсіп, дін аман қалды. Бассейнге батып кеткен жеткіншекті байқаған бұқара бірден көмектесуге жүгірген. Бірнеше адам әрекеттенгенмен, баланы бассейннен тек құтқарушы маман алып шыққан. Дереу көмек көрсетіп, жүрегіне массаж жасалған. Бірақ дәрігерлер келгенде жасөспірімнің дене температурасы 32 гдадусқа түсіп кеткені анықталады. Қысымы мен тамыр соғысын табу да мүмкін болмапты. Дәрігерлерінің айтуынша, жедел медициналық жәрдем қызметі оқиға орнына 4 минутте жеткен.

Светлана Крылова, Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

Қыз бала ес-түссіз жатты. Тынысы да болмады. Қысымы мен тамыр соғысын анықтау қиынға түсті. Дене температурасы шекті 32 градус болды. Ойланып-толғанып тұруға уақыт болмады. Дәрігерлер медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп, өкпедегі суды шығарды. Шамалы уақыт өкпеге вентиляциялық шаралар жүргізді.

Облыстық ауруханаға жеткізілгенде жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Бастапқыда әлсіз әрі тынысы ауыр болыпты. Қазір дәрігерлер денсаулығы жақсарып келе жатқанын айтады. 

Кәмшат Күнпейісова, Павлодар облыстық балалар ауруханасының баспасөз хатшысы:

Қыздың жағдайы қазіргі күнде қанағаттандырарлық деп есептелінеді. Және барлық керекті медициналық көмек өткізіліп жатыр.