Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстандық үш азаматша АҚШ-та алаяқтық үшін ұсталды

AstanaTV
07.08.2018ж. 20:00
2263
Қазақстандық үш азаматша АҚШ-та алаяқтық үшін ұсталды

Қазақстандық үш азамат АҚШ-та аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады. Оларға бағалы көліктерді сатумен айналысып, бастапқы жарнасын алған соң іздерін суытып отырған деген айып тағылып отыр. Келген шығын 4,5 млн доллар. Қазақстандықтар ғана емес, 25 адамнан тұратын қылмыстық топ құрамында өзге ел азаматтары да бар. Ал 1991,1994,1970 жылғы қазақстандық азаматшалардың Тараздың тумасы екені белгілі болды.  Екеуі қамауға алынса, 1970 жылы туған азаматша денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.Сыртқы істер министрі Қайрат  Әбдірахманов олардың құқын қорғау ісі қолға алғанын жеткізді.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы консулдығымыз Америка тарапымен тығыз қарым-қатынаста. Қажетті консулдық және құқықтық қорғауға байланысты қызметті біз көрсетіп жатырмыз біздің азаматтарымызға. Біздің азаматтар дүниежүзінің қай жерінде болса да, біздің қорғауымызға жатады.