$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Доллардың өсуіне орай теңге тапшылығы қатты сезілсе, бюджет қайта жазылады

AstanaTV
07.08.2018ж. 20:00
1881
Доллардың өсуіне орай теңге тапшылығы қатты сезілсе, бюджет қайта жазылады

Доллардың өсуіне орай теңге тапшылығы қатты сезілсе, бюджет қайта жазылады. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай дейді. Үш жылдық бюджет жобасында бір доллар 340 теңгемен бекітілген. Ал бүгінде көк қағаз құны 350-ге жетті. Қаржы министрі АҚШ валютасы Үкімет болжаған межеден асып кеткенін біледі. Сондықтан ол цифраны атағысы келмей күмілжіп қалды.

Бюджет он сверстан. В пределах тех параметров. Мы пока выдерживаем.

Бүгін доллардың бағасы 348-350 теңге аралығында. Ал Қарағандыда ол 351 теңгеден саудаланып жатыр. Ал кейбір "пысықай" пункттер АҚШ валютасын 346 теңгеге алып, сатпай сақтап отыр. Долларды тек сатып алу үшін айырбас бекеттерін ашқандар қандай да бір сұхбат беруге құлық танытпады. Ал қала тұрғындары доллар алуға асық.

Қазіргі таңда ақырындап көтеріліп жатыр. Доллар көтеріледі деп ойлаймын. Өйткені олардың экономикалары мықты

350-ге кетті, көтеріліп жатыр доллар. Доллармен кредите алғандарға қиын. Ал бізге бәрібір, біз теңгемен жүреміз

Қазір не алсақ та сол долларға байланысты өсіріп жіберіп жатыр. Жанар- жағармай көтеріліп жатыр. Міне осы көктем мен күз уақытында әсіресе өзіміз ауылдық жерде тұрғаннан кейін дизель отыны қымбат болып тұр. Бізге өте қиын болып тұр.