«7-20-25» бағдарламасы бойынша бір айда 200-ге жуық қазақстандық пәтер кілтін қолына алған. Тағы 640 азаматтың өтініші банктерде мақұлданып үлгерді. Демек олар жақын күндері өз баспаналарына ие болады. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық компаниясының ресми өкілі Айбар Олжай айтты. Бұл бөлінген сомманың 7,3 миллард теңгесін құрайды. Бүгінде ел бойынша 1039 адам екінші деңгейлі банктерге өтініш берген. Бірақ бірінің басында несие, екіншісінде айлық табысының төмендігіне байланысты бағдарламаға 400-ге жуығы өтпей қалыпты. Жалпы «7-20-25» бағдарламасы бойынша барлық өңірлердегі тұрғындардан өтініш түскен. Көш басында Алматы, Астана, Ақтау қалалары тұр. Әзірге бағдарламаны «АТФ» және «БанкЦентрКредит» іске асырып жатыр.
Айбар Олжай, «Баспана» ипотекалық компаниясының баспасөз хатшысы:
Дәл осы бүгінгі күнге дейін
«7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алған қазақстандықтар саны жөнінде айтып
кетсек, 193 азамат пәтер алды. Жалпы соммасы 2,2 млрд теңгеге. Қызығушылық
қазақстандықтар тарапынан өте үлкен. Телефон шалып сұрайды, әлеуметтік
желілерге жазады, біздің сайтымызға жазады, Ұлттық банкке жазады. Жалпы осы
жылдың аяғына дейін 20 млрд теңге несие беру жоспарда бар.
«Баспана» ипотекалық компаниясының өкілі енді
бір айдан кейін бұл бағдарлама бойынша екінші деңгейлі 7 банк жұмыс істейтінін
айтты. Ал жоспарланған 5 жыл ішінде 1 триллион теңгені жарату көзделіп отыр.