Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қажылыққа қазақстандықтардың алғашқы тобы аттанады

AstanaTV
08.08.2018ж. 20:00
2258
Қажылыққа қазақстандықтардың алғашқы тобы аттанады

Қажылыққа баратын қазақстандықтар виза алу үшін менингитке қарсы егу сертификатын көрсетуі тиіс. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин биылғы сапар үшін менингококк инфекциясына қарсы 4600 вакцина жеткізілгенін айтты. Бүгінгі таңда қажылыққа баратындардың 1400-не препарат егілген. Айта кетейік, парызын өтеуге ниет еткен ел азаматтарының алғашқы тобы ертең жолға шығады. Биыл 3 мың адамға квота берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500-ге көп. 

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

Сыртқы министрлік өкілдерінен сұрайтыным, виза беріп жатқан кезде сіздер дұрыс істеп жатсыздар. Виза алу үшін ең бірінші құжаттың бірі - ол егу сертификаты болып табылады. Сондықтан осы сертификатты нақты сұрау керек. 900 адам әлі, мүмкін, виза алу үшін әкелмеген болса, сол сертификатты сұрау керек.

Ал ұшуды ұйымдастыру қызметін Сауд Арабиясы мен Қазақстан әуе компаниялары теңдей бөліп алған. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев жиынға арнайы шақырылған компания өкілдерімен бірге сапар қауіпсіздігін пысықтады. 9-15 тамыз аралығында жалғасатын қажылық сапардан жерлестеріміз 1-ші қыркүйекте оралады.