Қазақстанда азаматтық даулар азаймай тұр. Соңғы 5 жылда сотқа 3 миллион іс түскен. "Тұрмыстық жанжалдарды сотқа жеткізбей азайтудың бір ғана жолы - татуласу институттарының санын арттыру", - дейді Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов. Өйткені көп жағдайда сот шығыны мен шешімімен кейін екі тарап өкініштерін білдіретін көрінеді. Қазір «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы шеңберінде жергілікті әкімдіктердің жанынан 6 аймақта тегін кеңес беретін татуласу институттары ашылды. Олардың жұмысын жандандыру мақсатында бүгін Жоғары сот төрағасы мен Қоғамдық даму министрі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Екіжақты келісім азаматтық дауларды азайтады деген сенім бар.
Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:
Ең
өкініштісі, соңғы уақытта мынау ағайындар, бауырлар, әкесі баласымен, інісі
ағасымен сондай даулар көбейіп бара жатыр. Кешегі бизнес партнерлар, кешегі
достар сотқа жүгініп бірін-бірімен тартысып жатады. Сондай дауларда әділдік
іздеу өте қиын. Ал біздің сондай әрбір сондай жағдайды шешетін, шынын айтсақ, заңдар да жоқ. Сондықтан Елбасы шегелеп тапсырма берді. Мынау татуластыру
институттарын дамыту.
Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ, Астана телеарнасы