Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Теңге бағамы 5 теңгеге әлсіреді

AstanaTV
09.08.2018ж. 20:00
2189
Теңге бағамы 5 теңгеге әлсіреді

Ұлттық банк теңге бағамын бақылап отыр. Қажет болса интервенция жасайды. Бас банк теңге бағамының құбылуына қатысты осындай мәлімдеме таратты. Бүгін теңге әлсіреп, доллар біршама қымбаттады. Ұлттық валюта бір долларға шаққанда бірден 5 теңгеге құнсызданды. Бұл соңғы екі жылдағы кезекті антирекорд. Ұлттық банк бұған мұнай бағасының арзандауы мен Ресей рублінің құлдырауы себеп деп отыр. Теңге бір күнде 1,6 пайызға, ал рубль 4,2 пайызға құнсызданған. Көрші ел валютасының әлсіреуіне АҚШ сенаторларының Ресейге қарсы санкциясы жөніндегі заң жобасын енгізуі түрткі болған. Бүгін ақша айырбас бекеттерінде бір доллар 356 теңгеге дейін сауданалып жатыр. Дегенмен ондағылар АҚШ ақшасына сұраныс азаймағанын айтты.

Доллар көтерілгеннен кейін сатып алушылар бар ма?  

Салтанат Тоқтарбаев, ақша айырбастау бекетінің өкілі:

Сатып алушылар бар, жайменен алады, өткізеді елдер. Адамдар жұмыс істейді ғой, қарамайды ғой доллардың көтерілуіне. Алушы да бар, сатушы да бар.

Отправить надо...Долларды тауарды үшін жіберу керек. Сондықтан  сатып алуға мәжбүрмін.

Доллар сатып алуға тұрмын. Өйткені қажет. Әрине, қымбат болғандықтан сатып алғың келмейді. Бірақ амал жоқ.

Мұнай бағасының баррелі 75-тен 72 долларға арзандады. Рейтерстің хабарлауынша, АҚШ санкциясынан кейін Иран мұнайының қысқаруы қаупінен котировка 3 пайызын жоғалтқан. "Қара алтын" құнының арзандауына АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының күшеюі және Американың Ресейге салар санкциясы да әсер еткен. Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі теңге бағамына мұнай бағасы ғана емес, АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің экономиканы тұрақтындыру саясатының қатаңдатылуы да әсер етіп отырғанын хабарлаған еді. Олар пайыздық мөлшерлемені 2 пайызға дейін көтеріп, инвесторларды магниттей тартқан. Қазақстандағы шетелдік инвесторлар да кетіп жатыр.

Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк "Курсив" порталына берген сұхбатында теңге тұрақсыздығын болжаған. Бұған әлемдегі жағдай, АҚШ-тың санкциялары әсер ететінін айтты.

Объективті, талдаушылар тұрғысынан бәрі қалыпты. Бірақ сыртқы факторлар осы нарыққа тұрақсыздық әкеледі және мұнда белгілі бір құбылмалылыққа дайын болу керек.