Алматыда
417 124 бала бар. Оның 4 мыңға жуығының
мүмкіндігі шектеулі. Оларды әлеуметтік қолдап, қоғамға бейімдеу бүгінде өзекті
мәселеге айналған. Бұл туралы бүгін шаһарда өткен «Нұр Отан» партиясы Алматы
қалалық филиалының жұмыс тобының мүшелерінің басын қосқан кеңесте айтылды.
Кеңес мүшелерінің пайымынша, бүгінде тастанды балалардың мәселесі - шешуді қажет
етіп отырған өзекті мәселе. Ел партиясы қолға алған «Бақытты балалық шақ»
жобасы аясында перзент сүйген азаматтардың өз балаларынан бас тарту әрекеттеріне тоқтам салу бағытында
түбегейлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ балалар үйінің балдырғандарын асырап алуда насихаттау
шаралары жеткіліксіз. Бүгінде жетім балаларды асырап алатын отбасыларға қолдау
көрсетіп, оларды өзгелерге үлгі ретінде көрсету қоғамда қалыптаспаған.
Мұхит
Әзірбаев, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, "Нұр Отан"
партиясының мүшесі:
Ата
- анасы жоқ балалардың мәселесін шешу үшін тек қаражат емес, жалпы қоғамның көзқарасын өзгерту қажет. Ең
үлкен мәселе, бұны насихаттау керек, реклама деп айтуға болады.
Осындай семьяларымыз, патронаждық ата-ана болса, оны қолдап, мына қоғамға көрсету керек, үлгілі отбасы ертең жұғысты
болсын деп. Сондай жағынан қарастырсақ, жақсы бір қадам деп айтуға болады.
Балаларға
қамсыз балалық сыйлауда салауатты өмір салтының да маңызы зор. Алайда,
мегополисте сан мыңдаған спорттық орындарға емін-еркін кіру мүмкіндігі
шектеулі, - дейді мәслихат депутаттары.
Сондықтан әкімдік өкілдеріне бұл мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды.
Наиль
Нұров, Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
Сапалы
спортшы балаларды дайындауда бізде
проблема бар. Оған 2014 жылғы оқушылар спартакиадасындағы Алматы құрама
командасының 9 орынға тұрақтаған көрсеткіші дәлел. Ол олқылықтардың орнын алдағы уақытта бірлесіп шешетін боламыз.
Айгүл ЕРМАХАН