$523.54 €546.47 ₽4.99
×

Қазақстанға қатерлі ісікті анықтайтын қондырғы әкелінді

AstanaTV
26.05.2016ж. 20:00
1336
Қазақстанға қатерлі ісікті анықтайтын қондырғы әкелінді

Елде қатерлі ісікті ерте анықтайтын қондырғы қолданысқа енгізілмек. «СТС» деп аталатын аппарат қан арқылы нақты диагноз қояды. Қозғалмалы ісік жасушылары анықталған жағдайда, қондырғы бір ғана онкологиялық клетка негізінде аурудың метастазалық деңгейін көрсетіп береді. Аппараттың шұғыл әрі нақты диагноз қоюын отандық дәрігерлер инновациялық жаңалыққа балап отыр.

Еуропада кеңінен қолданылатын қондырғыны Түрік мамандары әкелмек. Болашақта жаңа әдіс мемлекеттік онкологиялық ауруханаларда кеңінен қолданылып, обырдың алдын алуға тың серпін беруі тиіс, - дейді мамандар.

Республикалық радиология және онкология институтының дерегінше, Қазақстанда өткен жылы 150 мың адам ісік аурулары бойынша тіркеуде тұрған. Жыл сайын орта есеппен 2 мың адам осы дертке душар болады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ