Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өскемен әкіміне қызметінен өз еркімен кету туралы ұсыныс жасалды - Д. Ахметов

AstanaTV
13.08.2018ж. 20:00
2533
Өскемен әкіміне қызметінен өз еркімен кету туралы ұсыныс жасалды - Д. Ахметов

Өскемен әкімі Қуат Тумабаевтың жоғары лауазымды иемденуге моральдық құқы жоқ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі әкімдіктің кеңейтілген отырысында осылай деді. Даниал Ахметов қала әкіміне қызметтен өз еркімен кетуге ұсыныс жасағанын айтты. Мұндай шешім шығаруына 15 сәуірде әкімнің қатысуымен болған жол апаты түрткі болған. Ол ішімдік ішіп тізгінді басқарған Риддер әкімінің орынбасарының көлігінде болған. Жол апатынан Риддердің 19 жасар тұрғыны Евгений Смольников қаза тапқан еді. Көлікті басқарған Бауыржан Құрманбаев бір жылға сотталды. Полицейлер де жауапқа тартылған көрінеді. Облыс әкімінің айтутынша, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін жұмыстан қуылған екі полицей апат себебін басшылықтың тапсырмасымен жасырмақ болған. Енді Риддер қаласының бас полицейіне қызметіне сай еместігі ескертілген. Аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары мен қалалық криминалды полиция бөлімінің басшысы қызметтен қуылған. Бүгінгі әкім мәлімдемесінен кейін Өскемен әкімінің креслосы да босамақ. 

Даниал Ахметов  Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Менің ойымша, қала әкімі Қуат Тумабаев жоғары мемлекеттік қызметте қалуға моральдық құқы жоқ. Сондықтан мен оған қызметтен өз еркімен кету туралы ұсыныс жасадым. Жақында облыс орталығына жаңа басшы келеді. Бірақ бұл соңы емес. Меніңше, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті барлығына қатысты істі қарауы керек.