Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодар мен Қарағанды да «Үздік әлеуметтік жоба» байқауының жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
13.08.2018ж. 20:00
2142
Павлодар мен Қарағанды да «Үздік әлеуметтік жоба» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қарағанды облысындағы жекеменшік отбасылық қарттар үйі «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауына жолдама алды. Аймақтық кезеңінің жеңімпаздары бүгін марапатталды. Сайысқа үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер мен өнертапқыштар өз идеяларын ұсынған болатын. Жалпы 32 ұжым өтініш білдіріпті. Үміткерлер ұсынған жобалар түрлі бағытта. Бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруын жеңілдетуді көздесе, енді бірі қоғамға бейімделіп, жұмысқа орналасуына жағдай туғызуды көздейді. Дегенмен, бас жүлде иемденген отбасылық қарттар үйі болса, қиын жағдайға тап болғандардың басын бір шаңырақтың астына біріктіріп жүр.

Надежда Алексеева,отбасылық қарттар үйінің директоры:

Әлеуметтік жобаның қиын жағдайда қалған азаматтар үшін маңызы зор. Біздің қарттарымыз жалғызбасты, мүгедек немесе балалары өкінішке орай тастап кеткен адамдар. Қазір олар қарттық шақтарын қызықты өткізіп жатыр. Жайлы орын, дәмді тамақ, спорт - бәрі бар. Ұтып алған млн теңгеге жұмсақ жиһаз, тоңазытқыш сатып аламыз.

Павлодар облысында да байқау жеңімпаздары марапатталды. Аймақтық кезеңде 14 жоба іріктеліп, бағын сынады. Айта кетері, биылғы шараға қалалармен қоса, аудан-ауылдардан да үміткерлер бақ сынаған. Бас жүлде Аққулы ауданының тұрғыны Бейбіт Хадысқа бұйырды. Ол аяқ-киім тігумен айналысады. "Бизнесті дамыту" бағдарламасы аясында 2013 жылы грант ұтып алған кәсіпкер ауылында шағын шеберхана ашып алған. Өнімнің 40-қа жуық түрін тапсырыспен әзірлейді. Айтуынша, ерлердің қысқы етігіне сұраныс жоғары. Енді әйелдердің аяқ-киімін өндіру ісін қолға алуды жоспарлап отыр.

Бейбіт Хадыс, байқауға қатысушы:

Бұл арқылы халыққа танылуға болады. Ары қарай, мысалы, тәжрибе алуға болады. Мүмкіндіктері көп қой енді. Бәсекелестер дәл әзірге білмедім. Әзірге өзім істеп жүрмін. Келешекте болатын шығар. Қызығушылық болады халықта.

Айта кетейік, «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Биыл бұл шараға «Нұр Отан» партиясы ұйытқы болды.