Биыл
Қазақстан 15-17 миллион тонна шамасында астық жинайды. Ауыл шаруашылығы министрі
Асқар Мырзахметов осылай деп мәлімдеді. Аталмыш көрсеткіш елдің ішкі сұранысын
қамтамасыз етуге жеткілікті, - дейді ведомство басшысы. Экспортқа, ұнмен қоса
есептегенде, 7,6 млн тонна астық жөнелтілмек.
Асқар
Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Бүгінгі
таңда сенімді түрде болжам жасай аламыз. Өйткені, біріншіден, 10-15 жыл бұрын
бұл салаға мемлекет тарапынан қолдау айтарлықтай үлкен болған жоқ. Қазіргі
жағдай өзгеше. Сондықтан аста-төк болмаса
да, ішкі сұранысқа қажетті астық жинаймыз деп нық айта аламын. Ол жылдағы дәліз
бойынша 15-17 миллион танна көлемінде болмақ.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА