Жеке
тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінің инфрақұрылымына қаражат жоқ.
Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев осылай дейді. Министр, тегін
үлестіріледі деген 10 сотық жерге коммуникация тарту жергілікті әкімдіктердің
мойнында, деп отыр. Десе де, қаражат көзі табылса, мемелекет жергілікті билікке
қол ұшын созатынын айтып сендірді. Бірақ Алматы мен Астана әкімдіктері бұл
көмектен қағылмақ. Ұлттық экономика министрі бұл шаһарлардың инфрақұрылым
тартуға қауқары жетеді деп мәлімдеді.
Қуандық
Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Бюджетте
қосымша ақша пайда болса, бірден бұл мақсатқа бөлінеді. Бар гәп бюджеттің
мүмкіншілігінде болып отыр. Қазір нақты қанша ақша керектігін айта алмаймын.
Бірақ инфрақұрылым шығындары есепке алынады. Заң бойынша жеке тұрғын үй
телімдері инфрақұрылыммен қамтылған жағдайда ғана беріледі. Тегін 10 сотық жер
бөлу жергілікті атқарушы органдардың құзіретінде.
Естеріңізде
болса, Астана мен Шымкент халқы арасында 10 сотық жер беріліп жатыр деген
алып-қашпа әңгіме тараған болатын. Мұндай ақпартты естіген тұрғындар қалалық
әкімдікке лап қойған еді. Бір ғана Шымкентте 3 тәулікте 5 мың өтініш түскен.
Әкімдік өкілдері инфрақұрылым тартуға
қаражат жоқ болғандықтан, жер берілмейтінін ресми мәлімдеді. Алайда халық үй
салу үшін жер телімін бөлу туралы арыз беруге құқылы.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА