Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мектеп оқушыларына бизнестің әліппесін үйрететін оқулықтар шығарылды

AstanaTV
17.08.2018ж. 20:00
2188
Мектеп оқушыларына бизнестің әліппесін үйрететін оқулықтар шығарылды

Мектеп оқушыларын бизнеске бауитын жаңа оқулықтар шығарылды. Ал кәсіп ашудың қыр-сырын үйрететін мамандар Астанада арнайы курстардан өткізілген. Ақтөбедегі №20 мектеп-лицей мұғалімдері осылай деп отыр. Мұнда былтырдан бастап балаларды бизнеске баулитын пән пилоттық жоба ретінде енгізілген. Оқушылар сабақта бизнес-жоспар әзірлеуден бастап, биржадағы құнды қағаз саудасы, тіпті өз бизнесін сауатты жүргізуді үйренеді. Оқушылардың қаржылай сауатттылығын арттырып, заманға сай бәсекеге қабілетті болуы үшін әрбір сабақ тек теория ғана емес, ойын түрінде де өтіп отырады. Ал аптасына бір рет шәкірттер белгілі кәсіпкерлер мен кездесіп, олардан дәріс тыңдайды. Сондай-ақ жергілікті жердегі түрлі өндіріс орындарына экскурсия жасап, жұмысымен танысып отырады. «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәні республика бойынша 16 мектепте оқытылады.

Индира Тайменова, № 20 орта мектеп- лицейінің оқытушысы:

Жоғарғы сынып оқушысын осы сәттен бастап-ақ болашақта қандай мамандық иесі болатыны толғандырады. Сондықтан бұл сабақтардан кейін оқушылар тіпті өз бизнесін бастауды, өз бизнесі болса, табысының мол болатындығын түсінеді. Осылайша, қызығушылық арта түседі.