Павлодар облысындағы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының басшысы өз еркімен қызметінен кетті. Қоластындағы қызметкерлердің заңсыз әрекеті әшкереленген соң осындай шешім қабылдаған. Оның орынбасары жалған зейнетақы жасап, зейнет жасына жетпеген адамдарға ақша төледі деген айыппен тергеліп жатыр. "Жалған зейнеткерлерге бюджеттен 117 млн теңге жұмсалған. Әсемгүл Мұхитқызы мән-жайды анықтауға тырысты.
Павлодарда зейнет жасына жетпеген 52 адамнын атына заңсыз құжаттар рәсімделіп, ақша төленіп келген. Заңсыз әрекетке барды деген күдіктілердің арасында мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бұрынғы басшысының орынбасары бар.
Ернар Байқоңыр, Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім басшысы:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілінің айтуынша, бұл қылмыстық топқа мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы мамандарымен қоса, еңбек, әлеуметтік бағдарламалар мен көші-қон басқармасының өкілдері де кірген. Сондай-ақ, кұрметті демалысқа шығуға жасы жетпеген қарапайым тұрғындар да тартылған. Бір жүйеге қойылған шаруа 2009 жылдан мінсіз жұмыс істеген.
Әсемгүл Мұхитқызы,тілші:
Қазірде бұл іске қатысты деп күдіктенген 4 мемлекеттік қызметкердің ісі сотқа жолданды. Бізге белгілі болғандай, қол астындағылар құйтырқы әрекеті әшкереленген соң, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының экс-басшысы өз еркімен қызметтен кеткен.