Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбе облысында қырылған ірі қараға қатысты іс қозғалмақ

AstanaTV
22.08.2018ж. 20:00
5270
Ақтөбе облысында қырылған ірі қараға қатысты іс қозғалмақ

Ақтөбеде жаппай қырылған асыл тұқымды ірі қараға қатысты тергеу бастауға ешқандай негіз жоқ. Облыстық ішкі істер департаментінің мамандары осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін шығынға ұшыраған шаруа шағым түсірген. Ол асыл тұқымды сиырды біреу қасақана улаған деп күдіктенеді. Қазірдің өзінде шетелден әкелінген ангус сиырларының 253-і қырылған. Хромтау ауданы Қопа ауылындағы «Актеп» шаруа қожалығы бұл малды қорада ұстап, алдын ала дайындалған жем-шөппен асыраған. Шаруашылық оларды жасанды жолмен ұрықтандыруға дайындаған көрінеді. Бірақ мал түнгі уақытта мал арам қата бастаған. Бірінен соң бірі сұлаған өлекселерден дереу сынама алынып, зертханаға жіберілген.

Кеңес Қанадбаев, Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Бірінші жорамалымыз - малдың улануы. Улану болатын себептері, бірі басқа сол жерде берілген зат, ол шөп тамағы және қасақана істелуі мүмкін деген де жорамал бар. Негізі ол мал иесінің жорамалы. Қазіргі таңда зертхана шешімін күтіп жатырмыз.

Қазір 127 сиырдың өлексесі өртелген. Дүкендер мен базарларға бұл уланған мал етінің түспеуі қатаң бақылауға алыныпты. Ауыл шаруашылығы министрлігі малдың улы шөптен қырылғанын хабарлады. Шөпте алкалоидтың шектен тыс болғаны анықталған. Мал азығының ішінде улы арамшөп болған көрінеді.