Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елімізде алғаш рет бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

AstanaTV
22.08.2018ж. 20:00
4160
Елімізде алғаш рет бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

Елімізде алғаш рет бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті. «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында ұйымдастырылған екі күндік шара Шымкентте бастау алды. Айта кетейін, президент Нұрсұлтан Назарбаев жуырда бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыруды қадап тапсырған болатын.

Бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумына Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан  250-ге жуық партиялық қатысып отыр. Биылғы жылдың 1-шілдесіндегі мәлімет бойынша, елімізде 5 839 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Оның қатарына 1 млн-нан астам партия мүшесі біріккен. 

Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Бүгін біз Шымкент қаласында бірінші алғашқы өзіміздің бастауыш партияларының жұмыстарын белсенділендіру жөніндегі тұжырымдамамызды қарастыру жөніндегі алғашқы форумымызды бастап отырмыз. Осындай тағы да үш форум өтеді. Сол форумның аясында тұжырымдаманың белгілі бір редакциялық вариантын даярлап, қазан айында Астана қаласында республикалық форумда сол концепцияның жобасын бекіткелі отырмыз.

Форумда цифрландыруды жүзеге асыру, бизнестің геоақпараттық онлайн сервисі, шағын және орта бизнесті қолдау, үштілділікке көшу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жайы қамтылды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған 22 жаңа партиялық жобаны іске асыру тәсілдері талқыланды. 

Руслан Сайлаубаев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Орталық» БПҰ төрағасы:

Бүгінгі секция отырысында партияның кадрлық резерві бойынша секция отырысына қатысып, ондағы түрлі қоғамдық салада жетістікке жеткен партия мүшесіне мансаптық өсуге мүмкіндік берілгені ерекше ұнады. Себебі бүгінгі таңда белсенді жастар үшін бұл аса зор мүмкіндік болып табылады.

Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымы төрағалары үшін саяси менеджмент академиясының оқытушылары, танымал тренерлер мен саясаттанушылар «Сөз сөйлеу шеберлігі», «Саяси коммуникация» сынды маңызды тақырыптарда тренингтер өткізді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ