$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Курс бағамындағы еркін айналымды тоқтату мүмкін емес - Ұлттық банк

AstanaTV
23.08.2018ж. 20:00
3304
Курс бағамындағы еркін айналымды тоқтату мүмкін емес - Ұлттық банк

Курс бағамындағы еркін айналымды тоқтату мүмкін емес. Тіркелген айырбас бағамына өту елес болып қала бермек. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Ұлттық банк ғимаратында өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Сәбит Хәкімжанов, ҚР Ұлттық банкінің қаржылық тұрақтылық департаменті директоры:

Әрине, бізде тұрақты курс бағамының болғаны, айырбас бағамындағы өзгеріссіз құн кез-келген ел тұрғыны үшін маңызды-ақ. Бірақ, шын мәнінде, бұл мәселе елес болып қала бермек. Бізде еркін капитал да жақсы дамып келеді. Бірақ инвесторлар үшін кедергілер көп болатын. Қазір ол ақырындап жойылып келеді. Осыған орай курс бағамының  еркін айналымы өзгермейді.

Әлия Молдабекова, ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры:

Курс бағамының құбалмалығы  сенімсіздік оятатыны сөзсіз. Бірақ оны ұстап тұра алмаймыз ғой. Өйткені оның салдары кері әсерін беруі әбден мүмкін. Кәдімгі серіппе секілді. Қанша қысылған сайын түбінде жазылады. Сол кездегі  әсері үлкен болады. Сондықтан қазіргі бағам құбылмалылығы 4-5 айда өз орнына келеді. Оған қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ.

Ұлттық банк тәуекелдерді жою үшін биылғы жылдың соңына дейін 1,4 млрд долларға валюта сатып алмақ. Осылайша зейнетақы қорының шетелдік активтер үлесін 30 пайыз көлемінде сақтап қалмақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы валюталы активтер үлесін арттыру ісі 2016 жылдан бері қолға алынған.