Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанада 10 тонна қауіпті қарбыз жойылды

AstanaTV
24.08.2018ж. 20:00
4685
Астанада 10 тонна қауіпті қарбыз жойылды

Қазақстанда өсірілген қарбыздың қауын шыбынымен зақымданғаны белгілі болды. Бұл алғашқы жағдай. Бүгін мамандар Жамбылдан жеткізілген 10 тоннадай өнімнің көзін жойды. Испекторлар оны тексеру кезінде анықтаған. Зиянды қарбыз иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, 48 мың теңге айыппұл салынған. Мамандардың айтуынша, зиянкеспен зақымданған дақыл жанындағы қияр, асқабақ секілді өнімдерді шірітіп, жануардың жеуіне де жарамсыз етеді. Қауын шыбыны түйнек кезінде қабықты тесіп, жұмыртқалайды. Сондықтан өнімнің ішіндегі құрттың бар-жоғын анықтау тек пісіп, дақыл дастарханға келгенде ғана білуге болады. Бұған дейін мұндай деректер шетелден жеткізілген өнімдерден табылып келген.

Сымбат Қалиасқаров, Астана қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысының орынбасары:

Базарда, сауда орындарында алған кезде міндетті түрде мынандай сыртына көңіл аудару керек. Қауын шыбыны түскен дақылдарда қызыл, қоңыр бөлінділер пайда бола бастайды. Оны міндетті түрде көрген жағдайда сол жергілікті жерде бекітілген біздің өсімдіктер карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлар бар, соларға хабарласса болады. Ол кісілер шұғыл түрде тиісті іс-шаралар қолданады.