Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Эстрада жұлдыздары халыққа қызмет көрсетті

AstanaTV
24.08.2018ж. 20:00
2497
Эстрада жұлдыздары халыққа қызмет көрсетті

Бүгін елдегі халыққа қызмет көрсету орталығына келушілерге эстрада жұлдыздары қызмет көрсетті. Мұндай акция Алматы және Астана қаларында өтті. Қыдырәлі Болман, Құрмаш Махан, Марат Омаров секілді есімдері елге таныс азаматтар халыққа қызмет көрсету арнайы орталығына келушілерге электрондық кезек талондарын, ақпараттық анықтамаларды және дайын құжаттарды берді. Бұл халықтың көңілін көтеру үшін ұйымдастырылса керек.

Мұрат Жұманбай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми өкілі:

Халыққа қызмет көрсету әрқашан қиын екенін өзіңіз білесіз. Азаматтар әртүрлі көңіл-күймен келеді. Әртүрлі азаматтар келеді. Солардың барлығынын көңілінен шығып, тиісті мемлекеттік қызметті уақытылы және жоғары деңгейде көрсету.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 9 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Қазақстандықтар биыл 20 миллионнан астам қызмет алған.  Дегенмен, кезек күтіп шаршаған халық жеделдік шешілмегенін айтты. 

Үсен Нәдіров,  Астана қаласының тұрғыны:

Тұрғаныма 4 сағат болды. Нөмір күтіп тұрғаныма. Азаннан бері, таңертеңнен бері жүрміз ғой. Әлі бітіре алмай жатырмыз. Интернетпен істейміз дейді. Соның өзі кешке дейін жүреміз ғой.