Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Өскемендегі бес мектепте директор жоқ

AstanaTV
28.08.2018ж. 20:00
2919
Өскемендегі бес мектепте директор жоқ

Оқу жылының басталуына бірер күн қалса да, Өскемендегі бес мектепте директор жоқ, тек міндеттерін атқарушылар жұмыс істеп жүр. Себебі  лауазымды орынға үміткерлер әлі тест тапсырмаған. Ал сынақ сұрақтары Астанадан шығысқа әлі жетпей жатыр. Былтырдан бастап  Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен мектеп директоры кандидатурасын депутаттар, мұғалімдер, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қарастыратын болған. Содан соң білім департаментінде мемлекеттік қызметші ретінде әрбір директор тестілеуден өтеді. Мектептердің неліктен басшысыз отырғанын вице-министрге түсіндіруге тура келді. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР  Білім және ғылым министрінің орынбасары:

Таңертең мен қала әкімімен сөйлестім. Бұл мәселе бойынша, өзі телефон шалды. Біз сөйлестік. Жалпы мұнда тест мәселесі қозғалмайды. Жұмыс бабы болғандықтан, бір директор келеді, екінші директор кетеді. Бұл жергілікті атқарушы органның жауапкершілігі. Неге уақытында тиісті конкурстық жұмыстарды өткізіп, жұмысқа алмаған деп біз бүгін сұрақ қоюымыз керек. Және біз осы сұрақты қойыпа отырмыз. Бұл мәселені қысқа уақыт ішінде Өскемен қаласының әкімдігі өз деңгейінде шешім қабылдайтын болады.