Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандыда қымбат көлікке қызығып, иесін өлтірген полицей сотталды

AstanaTV
27.08.2018ж. 20:00
2707
Қарағандыда қымбат көлікке қызығып, иесін өлтірген полицей сотталды

Қарағандыда қымбат көлікке қызығып, иесін өлтірген бұрынғы полицей 19 жылға сотталды. Бүгін Қазыбек би атындағы мамандандырылған ауданаралық соты тәртіп сақшысына қатысты осындай үкім шығарды. Қандықол қылмыскерге ұзақмерзімді жаза кесуді алқа билері сұраған. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Гүлбаршын Жітікова, Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Бұл қылмыстық істі алқа билер соты қарады. Алқа билердің көпшілігі сотталушыны кінәлі деп санаған. Сот 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Еске салсақ, Теміртау қалалық ІІБ-нің жол-патрульдік полициясының кіші сержанты Нұрсейіт Қалдыбаев «адам өлтіру», «ұрлық», «заңсыз  қару алып жүру, сақтау, тасымалдау» секілді 3 бірдей баппен айыпталған. Тергеу мәліметінше, бұрынғы полицей бағасы 7-8 мың доллар тұратын Тойота -55 маркалы көліктің иесімен сатып алушы ретінде кездесіп, оны көлік базарының маңында қызметтік тапаншасымен атып өлтірген. Нұрсейіт Қалдыбаев жымысқы ойын іске асыру үшін сол күні  жұмыстан да сұранған. Ал атылған оқ орнына әріптесінің үйінде заңсыз сақталған қару оғын тапсырған. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.