Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада 55 зейнеткер қарттар орталығында ақылы тұруға мәжбүр

AstanaTV
27.08.2018ж. 20:00
5856
Астанада 55 зейнеткер қарттар орталығында ақылы тұруға мәжбүр

Астанада 55 зейнеткер қарттар орталығында ақылы тұруға мәжбүр. Бұл туралы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы  хабарлады. Олардың арасында білдей профессор да бар. Орталықты 10 жылдан астам паналап жүрген қариялар оны өз үйіндей көреді. Соңғы кездері тасбауыр бала саны азайды ма? Диана Сапарқызы тарқатады.

68 жастар Қайырберді Кәрімовтың бұл орталықта жүргеніне 3 жыл болды. Оның айтуынша, Чехияда әйелі мен қызы болғанымен, олар із-түссіз кеткен. Астанада туған-туыстар бар көрінеді. Бірақ оларға масыл болғысы келмейді. Өмір бойы жоғарғы оқу орындарында техника ғылымдарының кандидаты , профессор қызметін атқарып келген. Көкірегі ояу азамат өмірінің соңғы жылдарын қарттар үйінде өткізерін ойламапты. 

Қайырберді Кәрімов, зейнеткер:

Ауырып қалдым, варикозное расширение вены. Операция өттім. Содан кейін хал-жағдай нашарлау болды. Өз еркімен өмір сүруге қиын болып қалды. Қауіп болды жалғыз қалғандықтан. Сондықтан осында келуіме тура келді.

Алайда, мекемеде "балабақша" қызметі де бар. Бұл топтың қарттары Қайырберді Кәрімов секілді іздеушісі жоқ зейнеткерлер емес. Оларды туғандары таңертең апарып, кешке үйлеріне қайта алып кетеді.

Рая Бакеева, зейнеткер:

Таңертең сағат 9:30 келеміз. Осында тамақ береді. Давлениемізді өлшейді. Бассейнге барамыз. Салтанатқа апарады. Тренажерный залға келеміз. Массаж жасайды.

Қазір орталықта 335 зейнеткерге 225 адам қызмет көрсетеді. Оның 120-сы 1-2 топ мүгедегі. Қалғаны қариялар. Орталық үш бағытта жұмыс істейді. Бірінші бағыт- тұрақты өмір сүретіндер. Оларға мемлекеттен ай сайын 140 мыңға жуық қаржы бөлінеді. Екінші бағыт - ақылы түрде пана тапқандар. Туғандарына кедергі келтірмей, өз еркімен келген 55 зейнеткер бар. Ай сайынғы төлем 56 мың теңге. Үшінші бағыт -  қариялар бақшасы. Орталық директорының айтуынша, кемсітпеу, қоғамммен тең көру мақсатында 2016 жылы "Қарттар үйі" атауынан "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына" ауысқан.

Кенжеболат Бапишев, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:

Бүгінгі күні осы азаматтар қоғамдағы азаматтармен тең болғысы келеді. "Әй, сен қарттар үйінде тұрады екенсің", "сен мүгедек екенсің" деген сөздер оларға қиын естіледі. Жүрегіне де қиын әсерін береді.

Диана Сапарқызы, тілші:

Өкінішке орай, орталық ашылғалы 11 жыл бойы өмір сүріп келе жатқандар бар. Олар үшін әр қызметкер туғаны болып кеткен. Бірақ өз туғандарына қайта оралатындар да жоқ емес. Ағаттық кеткенін түсінген балалары қарт ата-аналарын үйлеріне әкеткен. Осылайша, орталықтағы 40-қа жуық зейнеткер отбасымен қайта қауышқан.